Түркістан облысында шетелдік инвесторларды тарту арқылы жаңа кәсіпорындар ашу жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімі шетелдік кәсіпкер Сун Чунмин және «Turan Shenhua» директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Рысбековпен кездесті.
Жиын барысында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, мұздатқыш шығаратын зауытты іске қосу жобасы талқыланды. Бұған дейін инвесторлар Кентауда газ қазандықтарын шығаратын зауытты сәтті іске қосқан болатын. Өңір басшысы Түркістан облысын Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі деп атап, инвесторларға жеңілдіктер ұсынылатынын айтты.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз енді өңірімізде бизнеске қолайлы жағдай жасауға тырысып жатырмыз.Қазіргі таңда бізде 20 индустриалды аймақ бар.Оның үстіне кіші өндірістік бағыттарды да дамытып келе жатырмыз.
«Turan Shenhua» компаниясы мұздатқыш шығару жобасына 5,5 млрд теңге инвестиция салуға ниет білдірді. Өндірісті келер жылы бастау жоспарланып отыр. Ал зауыт толық іске қосылғанда 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Келіссөз соңында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.