Түркістанда «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.Төтеншеліктер қыс мезгілінде орын алатын жазатайым жағдайларға дайындығын пысықтады.
Апат айтып келмейді. Қыстың қақаған аязында кез-келген оқыс оқиғаға дайын болу-аса маңызды.Осы мақсатта коммуналдық қызмет мамандары мен төтеншеліктер сап түзеп, дайындықтарын тексерді.
ДИМАШ ӘЛІМБАЙҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЖБ АҒА ОФИЦЕРІ
Жалпы оқу-жаттығу барысында мектептердің дайындығын бір пысықтап алдық.Бұл мекемеде барлығы қамтамасыз етілген.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай қызметкерлері білім беру ошақтарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ПЕРИЗАТ БЕКЕЕВА, №33 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Төтенше жағдай қызметкерлерімен бірігіп, іс-шара өттік.Төтенше жағдайға дайындығымызды тексердік.Оқу-жаттығу жұмыстарын жүргіздік.Оқушыларға мәлімет бердік.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 46 эвакуациялық пункт бар.Мұнда оқу-жаттығу жұмыстары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.