Түркістанда Елтай Бимаханбетұлының «Қырсық келін» шығармасы сахналанды. Қалалық мәдениет үйінінің ұйымдастыруымен қойылған спектакль әлеуметтік мәселеге негізделген. Актерлар отбасындағы келеңсіз жағдаяттарды қозғап, одан аулақ болу қажетін меңзеді.


 Қойылымнан соң баспасөз конференциясы өтті. Актерлік құрам көрерменмен қауышып, емене-жарқын сұхбаттасты. Көкейтесті сауалдарға жауап берді. Келушілер ой-пікір қосып, өзекті мәселені талдады.


ЖАЛҒАСБЕК БЕЙСЕНБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 – «Меніңше қойылым өте жоғары деңгейде өтті. Жүректен шыққан туынды жүректерге жетті деген пікірдемін.»


Қойылым отбасылық құндылықтарға негізделген. Өзара түсіністік, сыйластық, адамгершілік қасиеттерді дәріптейді. Ана мен бала, келін мен қайны ене арасындағы қарым-қатынас мәселесін көрсетеді. Жөн-жосығын түсіндіріп, келеңсіз жағдаяттардың алдын-алу қажетін ұғындырады.


 Халықпен кездесу барысында мәдениет қызметкерлері ән шырқап, өнер көрсетті. Келушілер ұжым мүшелеріне алғыс айтып, қойылымның сәтті сахналанғанын жеткізді.