Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 100-ден аса кәсіпкер меморандумға қол қойылды. Келісімдер әкімдік пен ірі сауда желілері, базарлар және негізгі азық-түлік өндірушілері арасында түзілді. Осылайша қала билігі бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қоймақ.


Қол қойылған құжаттар негізінде әкімдік кәсіпкерлермен бірге баға мониторингін күшейтеді. Делдалдық тізбектерді қысқарту және нарықтағы ауытқуларды дер кезінде бақылау арқылы әлеуметтік тауарлар бекітілген бағамен ұсынылады.


ТАЛҒАТ МЕКАМБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Былтырғы тек әлеуметтік таурлар еді шектеулі 19 тауарға. Кәзір енді тізімун ұлғайтып 56 тауар, басқа да тауарларды қосамыз. Солардың барлығына шекті бағасын қоймасақ та, бірақ негізсіз өсуіне тежеу қойып отырмыз.»


 Келісім аясында кәсіпкерлерге бағаны ұстап тұруға жағдай жасалады. Субсидия шығынды азайтып, әлеуметтік тауарлардың тұрақты жеткізілуіне мүмкіндік береді.


 АЗАМАТ ҚОШЫМОВ, КӘСІПКЕР  
– «Әкімдіктің ұсынған меморандумын, бағаларын қолдаймыз. Қазіргі таңда бағаны негізсіз көтеруге біз де қарсымыз.»  «Мемлекеттік қолдаулар мен субсидиялар арқылы қолдау алып жатқаннан кейін кері әсерін тигізбейді.»


 Меморандумға 100-ден астам кәсіпкер қатысты. Биылғы тізімге әлеуметтік тауарлардан бөлек қосымша өнімдер де енгізіліп, саны 56-ға жеткен. Бақылау шаралары нәтижесінде өнімдер қолжетімді әрі бағасы тұрақты болады, - деп күтілуде.