Мегаполисте дүбірлі дода. Есіркеп батыр атындағы XXV республикалық жасөспірімдер арасындағы қазақ күресі турнирі басталды. Еліміздің әр өңірінен келген жас палуандар кіл мықтыдан кім мықтыны анықтап жатыр.
Дәстүрлі республикалық жасөспірімдер арасындағы қазақ күресі турнирінің ашылу салтанатында сөз алғандар бұл жарыстың маңыздылығына тоқталды. Алғы сөз алған дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов, спортшыларға сәттілік тіледі.
ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жылдар бойы осы жарыс өзінің биік дәрежесінде ұйымдастырылып келеді. Жыл өткен сайын қатысушы командалар қатары артуда. Осы ойындардан әлем азия чемпиондары шығады. Жасөспірімдер өздерінің шеберліктерін осындай жарыстарда шыңдайды.
БАҚЫТ ҚЫРҒЫЗАЛИЕВ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл біздің Бәйдібек ауданында бастау алған турнир. Биыл 25 рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жарыс болғасын жеңіс жеңіліс бар. Мықтылар жеңіс тұғырынан көрінсін.
Биылғы додаға еліміздің 11 өңірінен 200-ге жуық мықты жас балуан қатысты. Белдесулер тартысты өтіп, әр спортшы өз күшін, ептілігін және төзімділігін сынауда. Бұл турнир қазақ күресінің дамуына жаңа серпін беріп, болашақ чемпиондардың қалыптасуына үлкен үлес қосуда.
ЖАРЫЛҚАСЫН ДӘУЛЕТ, ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Бұл турнирде ерекшелігі қазіргі Қазақстанның чемпиондары әлем чемпиондары Есіркеп батыр турниріне қатысқан. Барлығы жыл сайын осы турнирге дайындалады. Биыл шақырмадық әйтпесе бұл турнирге көрші елдерденде палуандар қатысып жүр.
Турнир ұлттық спортты дамытуға, жас балуандардың шеберлігін шыңдауға бағытталған. Сонымен қатар Есіркеп батырдың өнегелі рухын дәріптеуге арналған маңызды шаралардың бірі болып саналады.