Тәуелсіздік алаңында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16» күн» республикалық акциясы аясында ауқымды флешмоб өтті.


 Онда жастар бірлесе би билеп, арнайы жасақ қызметкерлері мамандандырылған іс-қимыл әрекеттерін көрсетті. Акция аясында Әл-Фараби ауданы әкімдігі түрлі іс-шара жоспарын әзірлеген.  Тұрғындармен кездесіп, зорлықтың заң алдындағы жауапкерлігін түсіндірген. Теріс әрекеттің алдын-алу және оны түбегейлі болдырмау үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Жастар жағы белсенділік танытты. Зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіріп, теріс әрекеттің келеңсіз тұстарын сынға алды. Бірлесе би билеп, өнер көрсетті.


БАҚТИЯР САЛИЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсаны аралығында зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы өтеді. Акцияның басты мақсаты тұрмыстың зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу болып табылады.»