Мардан Сапарбаев атындағы Орталық Азия инновациялық университетінде халықаралық олимпиада өтті. Бухгалтерлік есеп негізінде ұйымдастырылған ғылыми байқауға еліміздің барлық аймағы мен Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен студенттер қатысты. Оларды бейтарап комиссия бағалап, әділ бағасын берді.


Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға биыл 32 команда қатысты. Олар үш тур негізінде сынға түседі. Бірінші айналым – іріктеу, екінші кезең – тест тапсырмалары. Бұл кезеңнің қорытындысын жасанды интеллект шығарады. Яғни қатысушылардың жауаптарын ақылды құрылғы объективті түрде есептейді. Ал ақтық мәре – бухгалтерлік есептер. Мұнда қатысушыларды арнайы құрылған бейтарап төрешілер қадағалап, әділ бағасын береді.



ЖАНАТ ӘБІЛҒАЗИЕВА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
–Олимпиадаға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Алғашқы жылы 12 ғана команда қатысқан болса, қазір 32 команда қатысып отыр. Географиясы да ұлғайып келеді.» «Олимпиада студенттердің болашақта мықты маман болуына септігін тигізеді.»


 Назмина Турсуметова - есеп және аудит мамандығында оқиды. Мардан Сапарбаев университетінің студенті. Белсенді шәкірт мұндай сайыстарға жиі қатысады. Үздік нәтижелері де бар. Бүгінгі сынға ұзақ дайындалған ол жарыстың аса күрделі еместігін айтады.


НАЗМИНА ТУРСУМЕТОВА, СТУДЕНТ
– «Олимпиада сауалдары тым күрделі деп айта алмаймын. Күнделікті сабақ барысында өтіп жүрген есептер.»


Университет мұндай байқауларды жиі ұйымдастырады. Басты мақсат — білім алушыларға қолдау көрсетіп, студенттердің әлеуетін арттыру. Жалпы, университет ғылыми бағытқа ден қойып, басымдық береді. Ол үшін мұнда ғылыми зертханалар мен қажетті зертханалар бар. Бұл — болашақ ғалымдарды қалыптастырудың төте жолы.



 ЖАНАР ҚАЗАНБАЕВА, МАРДАН САПАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОАИУ ПРОРЕКТОРЫ
Ғылыми жобаларымыз бар. Кәсіпкерлер тапсырыс берген. Студенттерді осы жұмысқа тартамыз. Ол үшін олар еңбекақы алады.  «Біздің университетімізде ғылыммен айналысамын деген студентке барлық жағдай жасалған. 11 ғылыми зертханамыз бар.»


Шетелдік студенттер байқауға онлайн қатысты. Олардың бекітілген ережелерді сақтауы мен тәртіп бұзбауын арнайы мамандар жіті қадағалап отырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарға қол жеткізді.