Turkistan Investment and Tourism Forum – 2025 халықаралық инвестициялық форумы аясында «Түркістанның дамуындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект» тақырыбында панельдік сессия өтті.


 Түркістан облысында инвестициялық климат жақсы қалыптасқан. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өндіріс орындарын ашуға, өнімді терең өңдеуге басымдық берілген. Өңірде 20 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Әр индустриалды аймақ инженерлік инфрақұрылыммен толық жабдықталған, кәсіпорындардың өз жұмыстарын жылдам бастауына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар «Turan» арнайы экономикалық аймағы өңірдің инвестициялық алаңына айналып келеді. Қазірдің өзінде арнайы экономикалық аймаққа шетелдік және отандық компаниялар қызығушылық танытуда. Бұл аймақ алдағы жылдары Түркістанды жаңа экономикалық хабқа айналдыратыны сөзсіз. Сессия спикерлері өз компанияларының жұмысын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Қоғамдық көліктерді цифрландыру, өңірде қауіпсіздікті арттыру, салаларды автоматтандыру, дрон шығару сияқты жобаларын ұсынып, пікір алмасты. Панельдік сессия «G2B» форматындағы кездесулерге жалғасты. Еркебұлан Дауылбаев шетелдік ірі компания өкілдерімен жеке-жеке кездесіп, цифрландыру саласына қатысты тың жобалармен танысты. Аппарат басшысы тиімді жобаларды жүзеге асыруға әкімдік тарапынан қолдау болатынын айтып, меморандум жасалатынын жеткізді.


ЕРКЕБҰЛАН ДАУЫЛБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл аймақ – алдағы жылдары Түркістанды жаңа экономикалық хабқа айналдыратыны сөзсіз. Бүгінде әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жаңа экономиканың жүрегі – білімді, технологияны меңгерген, жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар. Осы орайда Түркістан қаласында IT мамандарын дайындайтын Woosong Kazakhstan университеті ашылды. Университет жасанды интеллект, инженерия, бағдарламалау, киберқауіпсіздік салалары бойынша мамандар дайындап, Түркістан жастарына әлемдік деңгейде білім алуға жол ашады. Мұның барлығы Түркістанды Қазақстандағы жаңа IT-хабтардың біріне айналдыруда.