Шымкенттің халықаралық әріптестігін күшейту және сыртқы экономикалық байланысын кеңейту мақсатында бірқатар маңызды кездесу өткізді. Алғашқы келіссөз барысында Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз делегациясын қабылдады.


Экономикалық, агроөнеркәсіптік, су технологиялары, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Максим Жеренжені Алматыдағы Францияның Бас консулы лауазымына тағайындалуымен, ал Игорь Копайловты Шымкент пен Түркістан облысындағы Францияның Құрметті консулы қызметіне кірісуімен құттықтады. Сонымен қатар Шымкентте жыл сайын өтетін «Божоле Нуво» фестивалін ұйымдастыру, Шымкент–Ницца тікелей әуе бағытын ашу және Ницца мен Марсель қалаларымен бауырлас-қала байланысын орнату бастамалары қаралды. Бұдан бөлек, Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, екіжақты қатынастың жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Кездесу барысында экономикалық және инвестициялық бағыттағы, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қаладағы инвестициялық мүмкіндіктер мен инвесторларға көрсетілетін «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау механизмдері таныстырылды. Бірлескен жол картасын әзірлеуге және келесі жылы Шымкентте ірі бизнес-форум өткізуге уағдаласты. Екі делегацияға мазмұнды әрі нәтижелі диалог үшін ризашылық білдірді. Келісімдер алдағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік негіз болатынына сенім білдірілді.