Соғымға дайындалып жүрген тұрғындар үшін маңызды ақпарат. Базарларда жылқы етінің бағасы қой етімен теңескен. Сүйексіз еттің бағасы қазіргі уақытта 4 500 теңгеден саудалануда. Ет саудасы туралы толық мәліметті арна тілшісі хабарлайды.


Күздің қара суығы соғым дайындауға кірісетін кезек. Алайда үйдегі көңілді базардағы нарық құртып тұр. Қазақ жақсы көретін жылқының қара кесегі қымбат. Жылқы еті былтыр шарықтаған қойдың етіне теңескен.


БАУЫРЖАН ПЕРНЕБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Төрт кила ет алдым жылқының еті. 4500 боп тұр бағасы екі ай бұрын 4200-4300 болатын баға. Жылдан жылға барлық зат қымбаттап жатыр сол сияқты баға көтеріліп жатыр. Былайша соғымнан жіліктеп алсаң 2600 ден алып жатырмыз.


Шымкент қаласына еттің негізгі көлемі Түркістан облысынан тасымалданады.Қарабұлақтағы мал сою алаңдарында жылқы етінің көтерме бағасы 3 100 – 3 200 теңгеден босатылып, ал сауда орындарында бөлшек баға 3 400 – 3 500 теңгеге дейін саудалануда. Қамбар ата тұқымының еті қымбаттағалы базарға келушілер қатары сиреген.


АҚТОТЫ ТӨЛЕНОВА, САТУШЫ

 Базарға қарағаннан кейін қазір жілікке де шығып жатыр. Азайды десемде болады. Бірақ 1-2 келі етке келеді ғой халық болғаннан кейін. Бірақ баға қымбаттады.


Көршілес мемлекеттерден сұраныстың артуына байланысты, сойыс салмағындағы ет өнімдері экспортталуда. Сонымен қатар, жем-шөптің қымбаттауы жылқы етінің өзіндік құнын арттырып, осы фактілер баға өсіміне әсерін тигізген», – дейді мамандар. Әкімдік тарапынан қала тұрғындарын қолжетімді бағадағы өнімдермен қамтамасыз ету үшін өндірушілермен, сауда желілерімен және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 6 жерінде апта сайын тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда.


 АСАН МАҚСҰТ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Ол жерде біз көршілес өңірлерден ет өндіруші қожалықтарға арнайы орын ұсынылады. Бүгінгі таңда еттің баға деңгейі нарықтан 10-15 пайыз төмен жалпы 3400-3300 теңгеден сатылуда.


Бағаны тұрақтандыру мақсатында, Шымкент қаласының ірі сауда желілерімен және ет өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтармен келісім-шарттар түзілген. Осы шаралар аясында, сиыр етін қаладағы әлеуметтік сауда орындарынан нарықтан төмен бекітілген бағада сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.