Абай ауданының прокуротурасы "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "Құқықтық дәріхана" жобасын ұйымдастырды. Қызылжар тұрғын алабында өткен іс-шараға елді-мекен тұрғындары қатысып, заң өкілдерінен құқықтық кеңес алды.
Гүлмира Әбжан - күйеуінен алимент өндіре алмай жүргенін айтады. Процестің қалай жүретінен бейхабар тұрғын қала орталығына барып кеңес алуға уақыт таппай жүрген. Бүгін ол көшпелі кездесуге арнайы келіп, заң өкілдеріне көкейтесті сауалдарын жолдады. Тұщымды жауап алып, қажетті ақпараттарға қол жеткізді.
ГҮЛМИРА ӘБЖАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Жалғызбасты анамын алимент жөнінде сұрадым. Қалай өндіруге болады деп. Қайда бару қажетін көрсетті. Халыққа мұндай іс-шараның берері мол деп ойлаймын.»
Тұрғындар мамандарға көбіне-көп жер, отбасылық жаншал, алаяқтық фактілері бойынша жүгінеді. Құзырлы орган қызметкерлері шағымданушыға тиісті кеңес беріп, жөн сілтейді. Егер мәселе кеңес беру арқылы шешілмесе мамандар келушінің арыз-талабын жазып алып, соның негізінде жұмыс істейді.
ӘСЕМ ОМАРБЕКҚЫЗЫ, АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ
– «Заң мен тәртіп тұжырымдамасын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы Қызылжар тұрғын алабында құқықтық дәріхана жобасын өткізуде. Іс-шараның мақсатты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді тыңдап көмек көрсету.» «Жыл басынан бері халықпен кездесу 4 рет өткізілді.»
Кездесу барысында тұрғындар заң өкілдеріне түйіткілді мәселелерін айтып, шешім іздеді. Құқық қорғаушылық проблемаларды түртіп алды. Тиісті кеңес беріп, заң нормаларын түсіндірді.