Шымкентте дүбірлі дода өтті. Еліміздің барлық аймағынан келген термешілер мықтыларды анықтап жатыр. Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Қаратау дәстүрлі өнер мектебі ұйымдастырған шараны арна тілшісі тамашалап қайтты.
Терме сайысына 18–45 жас аралығындағы кәсіби термешілер қатысты. Барлығы өз өңірінің өнер өкілдері. Жарыс оңтүстікте өтіп жатқандықтан, осы аймақтан шыққан ақын-жыраулардың бір термесін орындау байқау шартына енгізілген.
НҰРӘЛІ ЕСХАТ, ТЕРМЕШІ (ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ)
Мысалы, кешегі Нартай Бегежановтар мен басқа да өңкедегі жыраулардың шығармалары өскелең ұрпақтың болмысына оң әсер етеді.
ЕРАЛЫ ӘЛІМБЕКОВ, ТЕРМЕШІ (ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ)
4 Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дейді ғой. Кілең дүлдүлдер келіп отыр. Бәріне сәттілік тілеймін.
Терме өнері ғасырлар бойы рухани тірек болып келеді. Ұлттық таным-түсінік пен өмірлік қағидаттарды терең бейнелейді. Мұндай шаралар жас ұрпаққа халық мұрасын танытып, өмірлік ұстаным қалыптастыруға оң ықпал етеді.
БІРЖАН БАЙТУОВ, ҚАРАТАУ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Республикамыздың 20 облысынан барлық термешілерді шақыру мүмкін болмады. Бірақ барлық аймақтардан қатысушылар келді: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс. Бағалаушылар қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері және терме өнерінің майталмандары бар.
Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйақы тағайындалған: 1 орын – 300 мың теңге; 2–ші жүлде – 200 мың теңге; 3 орын – 100 мың теңге. Сонымен қатар, номинациялар мен ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.