2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы тарапынан 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес, қала әкімдігінің қаулылары негізінде жүзеге асырылуда.
Соның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде қаржы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер учаскесі берілді. Қазіргі таңда мегаполиске маңызды нысандардың құрылысына қарастырылған жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары атқарылуда. Негізгі бағыттарға Қонаев даңғылы жалғасының 5-кезеңінің құрылысына 270 жер учаскесі түседі. А-2 автожолының құрылысы 80 жер учаскесін қамтиды. С.Бәйтереков көшесінің жалғасы – Ы.Алтынсарин көшесін қайта құру құрылысына 56 учаске қажет болса, Қазиев көшесінің жалғасын салу жалпы 25 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынуға жатады. Қазіргі таңда 21 учаске толық мемлекет меншігіне қайтарылған.