2026 жылдан бастап Қазақстанда жұмыссыз азаматтар да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық қызметтерді тегін пайдалана алады. Жаңа тәртіпке сәйкес, табысы жоқ азаматтардың сақтандыру жарнасын мемлекет өз есебінен қаржыландырады.


 Қазіргі таңда тұрғындардың шамамен 60 пайызының жарналарын мемлекет төлейді. Ал МӘМС жүйесіне кірмеген 3,5 миллион адамның ішінде шамамен 1 миллион азаматтың әлеуметтік жағдайы дағдарыстық деңгейде деп бағаланған. 2026 жылы қорға 45 млрд теңгеден астам қаражат түседі деп жоспарланып отыр. 30 млрд теңге – әлеуметтік осал топтарға, 15 млрд теңге – жұмыссыз азаматтарға аударылады.