Қалалық прокуратура мен Сот сараптамалары институты өзара меморандумға қол қойды. Енді құқық қорғау жүйесі технологиялық тұрғыдан жаңғырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау процесі жеңілдейді.


Меморандум шеңберінде Институтқа заманауи газ-хроматографиялық масс-спектрометр құрылғысы берілді. Техниканың құны - 138 миллион теңге. Бұл құрал зерттеулерді 3 сағат ішінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары тиімді сұйықтық хроматографын сатып алу конкурсы да жоспарланып отыр.


 СӘУЛЕ ДӘУЛЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ
Біздің қызметтің негізгі міндеті – әртүрлі заттарды ғылыми-зерттеу әдістерімен сараптау. Зертханамызда екі негізгі сараптама түрі жүргізіледі. Жалпы, 8 түрлі зерттеу түрін қолданамыз. Ал бұл құрылғылар зерттеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.