Қарызды қуана алып, қайғыра қайтара алмай жүргендер көп. Берешегі көбейіп, оны төлей алмағандардың банк шоты бұғатталады. Коллекторлар жегідей жеп, өтемпұлды талап етеді. Тығырыққа тіреліп, үмітсіздікке душар болғандар не істемек керек? «Аманат» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алған. Ол қалай жұмыс істейді? Сюжеттен көріңіз.


Партия қарыздардың берешегін өтеп бермейді, бірақ құтылу жолдарын көрсетеді. Өтемпұлды төлем мерзімінен 90 күн кешіктіргендермен байланыс орнатып, жағдайына қарай төлем графигін құрып береді. Қаржылық сауаттылық жөнінде дәріс өткізіп, бар ақшаны игеру жолдарын түсіндіреді.

 

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Кредитін төлей алмай жүрген 11 мың адам оқудан өту керек болған. Жобаның басты мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру. Біз былтыр 11 мың емес, 12 мың адамды оқудан өткізіп, жоспарды артығымен орындаған болатынбыз. Биыл жоспарда 22 мың адам бар.»  «Осы бойынша да «Аманат» партиясында «Қарызсыз қоғамның» кеңесі ашылған болатын.»


Биыл 22 200 азаматты қаржылық сауаттылық курстарынан өткізу көзделсе, бүгінде оның 19 200-і сабақ алып үлгерген. Партия кеңсесінде жауаптылар алқалы жиын өткізіп, атқарылған жұмыстардың есебін берді. Мамандар жұмыс тәртібін түсіндіріп, азаматтарға қалай көмек көрсететіндерін баяндады.


ӘНУАР ШОТАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРІ ҚАЛАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ
– «Мерзімі өткен берешегі бар азамат 30 күн ішінде қарыз берушіге жүгінуі қажет. Не себепті мерзімі өткен, жалпы берешек жөнінде…» «Қиыншылықтар болып жатыр, төлей алмаймыз деген сияқты. Сол кезде кредитор оны қарастырады. Олардың ішкі кредиттік саясаттары бар.» –«Ішкі саясатына байланысты шешім қабылдайды.»


Жиын қаржылық мәдениетті арттыруға, азаматтардың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған. Игі іс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, дейді мамандар.