Тұрғындар ортақ үйін өздері басқарады. Жаңа заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектілері ретінде басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі негізінде жүзеге асады. Шарт жасау жолдары мен жаңа жобадағы жеңілдіктерді сала мамандары жан-жақты талқыланды.
Мүлік иелерінің бірлестігіне біріккен немесе заңды тұлға құрмай тікелей бірлесіп басқару тәртібінде әрекет ететін үй-жайлардың меншік иелері басқару субъектісін таңдауда және ауыстыруда ерікті.Кондоминиум нысанын басқару субъектілері Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңына сәйкес кәсіби біліктілігі танылған құжаты бар қызметкерлері болған жағдайда ғана басқару қызметтерін көрсетеді.
АСҚАР КАМЕНОВ, ТҰРҒЫНҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫН ДАМЫТУ МЕН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ ӨКІЛІ
Бұрында басқару нысанының 3 формасы болды. Жай серіктестік, тікелей басқару және мүлік иесі бірлестігі. Оларда пәтер саны бойынша шектеу болды. Жаңа өзгерістер бойынша пәтер саны шектеулері алынып тасталынады. Енді тікелей бірлесіп басқару және мүлік иелері бірлестігі.
Жаңа жобаның тұрғындарға тиімді тұстары көп. Көпқабатты үйді жөндеуге мемлекеттен пайызсыз қаржы алуға болады. Одан бөлек қосымша кіріс көзін реттеп үй қажетіне жұмсауға мүмкіндік бар.
ЭЛМИРА ХУРШИДОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Мысалы үшін сіздің ортақ мүлкіңізге жататын мүлкіңізді жарнамаға беруге болады. Одан түскен табысты үйдің қажеттілігіне жұмсай аласыз. Сонымен қатар жаңғырту бағдарламаларына қатыса аласыздар.
Басқару субъектілері өз қызметін мүлік иелерінің бірлестігімен жасалған шарттың немесе тікелей бірлесіп басқару жағдайында жиналыс хаттамасының негізінде жүзеге асырады. Басқару субъектілері қызметін бастағаны немесе тоқтатқандығы туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде тұрғын үй инспекциясына жіберуге міндетті, бұл ретте нақты кондоминиум нысанын көрсету қажет.