Конститутция балалар тілімен! Елімізде алғаш рет ата заңның балаларға арналған түсіндірме нұсқасы жарық көрді. Туынды жас өрен психологиясы мен таным-қабілетін ескере отырып жазылған. Басты мақсат – өскін санасына ел қағидаттары мен ережелерін, заң нормаларын сіңіру.
Кітап авторы Бақыт Оспанова. 7 мен 12 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған оқулықта конститутцияның не екені, оның қандай қызмет атқаратыны баяндалған. Ата заңның тарихы мен тәртіп қағидаттары түсіндірілеген. Мемлекеттік тіл, рәміздер, билік тармақтары жеке дара таныстырылып, мән-маңызы көрсетілген. Сондай-ақ автор тарих беттерін парақтап, өткенге шегініс жасайды. Қазақ даласындағы құқықтық дәстүрлер ретін толық көрсетіп, мағлұмат береді.
ГҮЛМАРАЛ ҚАБДУЛЛАШЕВА, «АЛМАТЫ КІТАП» БАСПАСЫ ЖОБАЛЫҚ PR БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
– «Бұл жерде Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы, Абай Құнанбаевтың дала ережелері жөнінде жазылған.»
Туындының тағы бір ерекшелігі оның ерекше дизайны мен шығармашылық әлеуетінде. Автор күрделі тақырып балаларға түсінікті бола түсуі үшін «Конститутция еліне саяхат» атты бөлім тіркеген. Ойын форматындағы қосымшада карта мен корточкалар арқылы балалар 10 тақырыптық аймақты өтіп, заң нормаларын талдайды. Осы арқылы ата заң негіздерін жеңіл әрі жете түсінеді.
БАҒИЛА ДӘУЛЕТБЕКОВА, «БАУЛУ» МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Балаларға өте ыңғайлы, балға жеңіл, ішінде ойындар, пазлдар бар. Соны құрастыру арқылы заңдық ережелерді толық түсіне алады, балалар.»
Кітап таныстырылымына мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Жас шәкірттер ата заң турасына көрініс сахналап, конституция жайындағы білімдерімен бөлісті.