Түркістанда түркі тілдес елдердің баспа ұйымдарын, қаламгерлерін, аудармашыларын, әдеби қауым өкілдерін тоғыстырған халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Игі шараны Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырып отыр. Көрменің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау, оқырман талғамын қалыптастыру.
Бүгінгі көрме – тек баспа өнімдерінің жәрмеңкесі емес, әдебиет пен білімнің жаңа көпірін салатын маңызды мәдени оқиға. Түркі елдерінің танымал баспалары мен еліміздің маңдайалды ұжымдарының қатысуы – бүгінгі шараның маңыздылығын арттырып отыр. Жәрмеңке аясында өткізілетін таныстырылымдар, авторлармен жүздесулер – бауырлас елдердің байланысын арттырады, – деген облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы іс-шараның қасиетті қалада өтуіне себеп болған ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымына, қарымды қаламгерлерге алғысын білдірді.
ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін бір керемет жас буын үшін үлкен ақсақалдарымыз үшін кітап сүйетін оны оқитын азаматтарымызға үлкен той болып жатыр. Мұндай іс-шараның Түркістанда өтуі заңдылық. Өйткені мұндай жәрмеңке мұндай кітаптың көрмесі көптен бері Түркістанда өтпеген. Сол үшін арнайы жиналыпа Түрксой ұйымына соынң ішіне басшылық құрамына алғысымызды білдіреміз. Осындай іс-шара өткізуге осыны үлкен дәрежеде ұйымдастыруға және де Фолиант баспасы өзінің бірден-бір ат салысып ұлкен деңгейде өтуіне үлкен үлесін қосты.
Түркістанның ерекше мәртебе алуына орай ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесіне Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы, Ресей және Қазақстанның баспа, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфиялық өнімдерін ұсынатын 50-ге жуық компания қатысуда.
ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Шын мәнінде озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деп осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетуді тапсырған болатын. Осы бағытта өңірдегі 388 кітапхана биылдың өзінде 380 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетті. Жыл басынан бері 31 мыңнан астам жаңа кітап алынып, жалпы кітап қоры 6 миллионнан асты. Оқырманды тарту үшін әдеби кештер, іс-шаралар өтуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Turkestan Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі үш күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, автормен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Айта кетсек, кітап көрме-жәрмеңкесі 28-қарашаға дейін «Конгресс холл» кешенінде жалғасады.