Шымкентте көшелерді абаттандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жобалар жалғасып келеді. Абай ауданындағы Темірлан тасжолы, Бақбаев, Түркістан көшелері мен әуежайдың жаңа терминал жолында қосымша әсем жарық шамдар орнатылды.
Заманауи жарықтандырудың бұл әдісі қала көркін арттырып, көшелердің түнгі уақыттағы көрінісін жақсартады. Мұндай жұмыстар қаланың инфрақұрылымдық дамуында да маңызды. Бұл жарық шамдары эстетикалық мақсатта ғана емес, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қосымша жарық беру арқылы жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін де арттырады. Қалада осындай жобалардың жүзеге асуы тұрғындар мен қонақтар үшін жағымды әсер қалдырып, жалпы қала атмосферасын жақсартуға мүмкіндік береді.