Кентау қаласының арнайы экономикалық аймағында газ қазандықтарын шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Жобаны іске асыруға «TURAN Shenhua» серіктестігі 2,4 мллиард теңге инвестиция салуда. Кәсіпорынның жалпы ауданы 2500 шаршы метрді құрайды. Өндіріс ошағы жайында келесі бейнематериалда толығырақ.
Кәсіпорын жылына 30 мың дана газ қазандығын шығарады. Өнім нарықта үлкен сұранысқа ие. Жаңа зауыт қаланың 40 азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, экономиканы дамытуға үлес қоспақ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары жаңа зауытты іске қосу рәсіме қатысып, жобаның жұмысына сәттілік тіледі.
НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін біз Түркістан облысы үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін аса маңызы зор жобаның басталуына куә болып отырмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлік саласына инвесторлар тартып, дамытуды тапсырды. Осы бағытта Түркістан облысында нақты жұмыстар қолға алынып, инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Соның нәтижесінде, Кентауда газ қазандықтарын шығаратын зауыт ашылып отыр. Осы орайда, жобаны жүзеге асырған инвесторларға алғысымды білдіремін. Жаңа бастамаға сәттілік тілеймін.
Кентау қаласында арнайы экономикалық аймақ және индустриалды аймақ жұмыс істейді. Одан бөлек, «Қарнақ» шағын өнеркәсіп паркін ашуға 9,3 гектар жер бөлінді. Арнайы экономикалық аймақтың жер көлемі – 35 гектар. Инфрақұрылыммен қамтылған. Бұл аймақта 2 жоба жүзеге асырылған.
НҰРЛАН РЫСБЕКОВ, KENTAU RED STAR ЖШС ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Жылына 30 мың қазандық шығара аламыз. Ол 18 кв ттан 50 кв ға дейін. Екінші тағыда бір құрылғысын алып келдік. Егер сатылып жатқсы болып жатса жылына 560 мың шығарамыз. Біз облыс ,қала басшыларына рахмета айтамыз көп көмек беріп жатыр. Енді осының ары қарай сатылуға да бұл кісілер отандық өнім ретінде ойдағыдай болады деп ойлаймыз.
Ал, индустриалды аймақтың жалпы ауданы – 43 гектар. Онда 10 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде, 309 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Бұл аймақтарға инвесторлар тарту, өндіріс орындарын ашу жұмыстары жалғасуда.