Шымкентте жастар арасындағы қылмыс саны күрт көтерілген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 136 пайызға артқан. Өскелең ұрпақ арасында есірткіге тәуелділікте басым. Шымкентте нашақорлыққа қарсы күрес және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытындағы инновациялық шешімдер таныстырылды.
Отырыс басталар алдында мамандар қылмыстың алдын алу мен тергеудің тәсілдерін өзгертетін бірқатар шешімдерді таныстырды. Балалардың психологиялық диагностикасынан бастап цифрлық іздерді талдайтын жоғары технологиялық жүйелерге дейін — көрсетіп шықты. Соңғы кезде жастар арасында электронды темекі тартатындар қатары артқан. Олар ермек үшін қолданатын заттың салдарын сезінбейді.
Мегаполисте нақты тіркелген нашақорлар саны 1143. Оның 105 әйелдер қауымы. Ал араққа салынғандар 4748 адам. 671 нәзік жандылар.
Шымкентте жастардың қатысуымен орын алған қылмыс саны да артқан. Өткен жылы 100 қылмыс болса Биыл жастармен жасалған қылмыс 236 –ға жеткегн.
Жиын барысында жасөспірімдердің психологиялық скринингі, «AISPORT» қосымшасы, «CryptoTrace» — онлайн-транзакцияларды талдау жүйесі таныстырылды. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға осы жобалар оң септігін тигізеді. Таныстырылған барлық жобалар «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылған. Бұл бастамалар құқық қорғау органдарының, мемлекеттік құрылымдардың және IT-сектордың күш-жігерін біріктіре отырып, қауіпсіз қала қалыптастыруға және жасөспірімдерді тиімді қорғауға бағытталған.