Қазығұрт ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Еңбек нарығындағы маңызды шараны әкімдік пен аудандық прокуратура ұйымдастырды. Жәрмеңке Мемлекет басшысының «Жұмыспен қамтуды арттыру және еңбек нарығын жаңғырту» бағытындағы тапсырма аясында өтті.
Мұндай жәрмеңке ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешіп қана қоймай, жұмыссыздық деңгейін азайтады. Ел экономикасының дамуы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылуына байланысты деген прокурорлар мұндай іс-шщараны жиі ұйымдастырып отырады.
БАҚЫТЖАН БАЙМАҒАНБЕТОВ, АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аудан прокуратурасы, аудан әкімдігі, пробация қызметі және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке мақсаты - жұмыссыз азаматтарға қолайлы жұмыс ұсыну. Пробация есебінде тұрған тұлғаларға қоғамды бейімді алдын алу. Құқық бұзушылық тәуелділігін төмендету. Аудан кәсіпорындарының тапшылығын жабу. Аудан прокуратурасы жыл басынан екі рет пробация есебінде тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында форум өткізді. Форуа прокуратурамен ары қарай жалғасатын болады. Бұл жұмыс аудан прокуратурасының қатаң бақылауында.
Бұған дейін аудандабос жұмыс орындар жәрмеңкесі 6 рет ұйымдастырылған. Оған 376 жұмыссыз азамат, 50-ге жуық жұмыс беруші қатысқан. Нәтижесінде 250-ден астам жұмысіздеуші тұрақты жұмысқа орналасқан. Бүгінгі іс-шараға 2024-2025 жылы қайтарымсыз гран алған азаматтардың өндірген өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
МАҚСҰТ АЛПЫСОВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі іс-шараның мақсаты аудан көлеміндегі жұмыссыздықты азайту. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткіздік. Бүгін жалпы 24 жұмысберуші 35 жұмысорнын ұсынды. Одан бөлек 400АЕК мемлекеттік қайтарымсыз грант алған азаматтар өз жұмыстарының нәтижесі бойынша өз өнімдерін ұсынды. Жалпы 25 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды. Айналысып жатқан кәісіптерін көрсетті.
Мүгедектігі бар адамдарға 18 орынға квота белгіленіп, тағы 18-і жұмысқа жолдама алды. Сондай-ақ Ал Пробация қызметінің есебінде тұрған 12 азамат жұмыспен қамтылды. Жиын соңында «жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бірқатар сала мамандары аудан әкімінің алғыс хатымен марапаталды.