2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізінде салық режимінің мөлшері Шымкентте 4 пайыздан 2 пайызға төмендетіледі. Бұл туралы Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясында айтылды. Жиынның күн тәртібінде өзге қандай мәселе қаралды? Келесі бейнематериалда толығырақ.


«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі» мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету бойынша шешім қабылданды. Салық мөлшерлемесін 50% -ға дейін төмендету кәсіпкерлікті көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік береді.


 БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, ҚАЛАҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шымкент қаласы мәслихатының  2024 жылғы 19 наурыздағы шешімі қабылданды. Бүгінгі таңда салық кодексінің өзгерістеріне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимінің мөлшерлерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендету мәселесі Шымкент қаласы мәслихатының күн тәртібіне ұсынғамыз. Бұл бастама шағын және орта бизнесті көлеңкеден шығаруға, кәсіпкерлікті ашық және айқын жүргізуге және кірістерді ерікті түрде декларациялау есебінен салық базасын  кеңеюіне ықпал етеді.


 Қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов сессияда қабылданған шешімдер шаһардың дамуына айтарлықтай серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлердің жағдайы жақсарса, қала экономикасы да өркендейді. Қазірдің өзінде Шымкентте 140 мыңға жуық тіркелген бизнес нысаны болса, оның 90 мыңы белсенді жұмыс істеп тұр.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Биылғы он айдың қорытындысы бойынша бұл бағыттан 31,2 млрд теңге түсіп, өсім жалғасып отырғаны байқалады. Қазіргі таңда 8000-ға жуық кәсіпкер 2 пайыздық төмендетілген салықты пайдаланып отыр. Бұған қоса, бұрын салық төлеушілердің 7 санаты болса, қазір олар 3 санатқа біріктіріліп, жеңілдетілген режимге өту мүмкіндігі 94 мың кәсіпкерге берілді. Жалпы есеппен алғанда 102 мыңнан астам кәсіпкер осы мүмкіндікті пайдалана алады


 Сесмсияда бұдан өзге ономастика және тарихи нысандарды тиімді пайдалану бағытындағы бірқатар шешім қабылданды. Атаусыз көшелерге ұлттық мазмұны бар, халыққа жақын атаулар беру жөніндегі бастамалар қолдау тапты. Тарихи құндылығы бар ғимараттарды жалға беру бағаларын өзгеріссіз қалдыру жөніндегі шешім талқыланып, тарихи нысандардың сақтау мен тиімді пайдалану мәселесіне мән берілді.


 БУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Биылғы жылы мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынсына сәйкес жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен батырлардың есімдерін көшелерге беру туралы бір реттік таапсырма келіп түскен болатын. Осыған орай қаламыздағы атауы жоқбірқатар көшелерге осы кісілердің атын беру туралы 12 құрамдас бөлікке атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізуге келісім алынған болатын. Бұл арнайы осы комиссияда қаралып, республикалдық аномастика комиссиясының қорытынды алынған. Осы шешем жобаларын қолдауларыңызды сұраймын.


 Сессия жұмысына қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысып, қабылданған шешімдердің мәні мен күтілетін нәтижелерге тоқталды. Ол кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бұл қадамдардың қаланың экономикалық белсенділігін арттыруға оң әсер ететінін жеткізді. Жиын барысында қала әкімдігінде болған кадрлық ауыс-түйістер де сөз болып, жаңа құрамға сәттілік тілегі айтылды.