Фармация ғылымдарының докторы, профессор, ұлағатты ұстаз Баян Ахметқызы 70 жасқа толды. Салтанатты мерейтойға орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында халықаралық олимпиада өтті. Үздік атанған қатысушылар арнайы марапатқа ие болды.
Баян Ахметқызы-қазақ медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Саналы ғұмырын фармация саласын жетілдіруге арнаған профессор ғылыми мектептің қалыптасуына зор ықпал етті. Сан түрлі зерттеу жүргізіп, ізденістің жарқын үлгісін көрсетті.
НАМАЗБАЙ ОРМАНОВ, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ
Бұл кісі бір жерде отырмайды.Көптеген жаңалықтар ашады.Белсендірілген дәрілерге қарағанда Баян Ахметқызының жасаған дүниесі бірнеше есе артық. Бұл кісінің шәкірттері жасаған дәрілері мен препараттың пішіндері халықаралық деңгейде жасалатын дәрілер.
Олимпиадаға еліміз бен шетелдің жетекші оқу орындарынан келген 9 команда қатысты. Қатысушылар білім деңгейін паш етіп, кәсіби шеберліктерін дәлелдеді. Фармацевтика пәні бойынша мазмұнды тапсырмаларды орындап, күрделі кезеңдерден өтті.
КЛАРА ШЕРТАЕВА, ФАРМАЦЕВТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Баян Ахметқызы саналы ғұмырын ғылымға арнады.Алдына не мақсат қойса да, соған жете білетін табандылығымен ерекшеленеді. Қарапайым жұмысшы болып еңбек жолын бастады.Ал қазір тың дүниелерді зерттеумен айналысады.
Шәкірттерін білім мен ғылымға баулыған ұстаз кәсіби шеберлікті шыңдаумен ғана шектелмей, студенттеріне әрдайым жөн сілтеп, жол көрсетіп отырады.
НҰРҒАЛИ РАХЫМБАЕВ, С. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚҰМУ ПРОФЕССОРЫ
Баян Ахметқызымен бірге біз бірнеше зерттеу жұмысын жасадық. Итмұрын жемістерінен көпіршіктенетін препарат жасап шығарғанбыз. Баян Ахметқызы менің өмірлік серігімді таңдауға көмек берген жан.
Баян Ахметқызының елеулі еңбегін шәкірттері де үлгі тұтады. Академиядан түлеп ұшқан түлектері фармацевтика саласында жемісті қызмет етіп жүр.
МҰРАТ АШИРОВ, С. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚҰМУ ПРОФЕССОРЫ
Ол кісімен көптеген ғылыми зерттеу жұмысын жүргіздік.Түрлі әдістерді қолдандық. Күйікке қарсы жақпамай әзірлеп шықтық.
Сайыста үздік нәтиже көрсетіп, кіл мықтының ішінен оқ бойы озып шыққан жеңімпаздарға арнайы марапат табысталды. Мерейтой аясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтау хатын жолдады. Жиналған қонақтар профессорға ақжарма тілектерін арнап, ғылым мен білімге қосқан сіңірген еңбегін жоғары бағалады.