Түркістандық  полицейлер жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін ескертті. Басты мақсат облыс көлеміндегі жол көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтарды анықтау.


 Мақсат аясында тәртіп сақшылары аудандарға қызметтік іссапар жасап, кең көлемде жұмыс істеді. Полиция басшысы трассада жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 2 тәулік бойы атқарылған іс-шара барысында жол қозғалысы ережесі жазылған 300 дана жадынама таратылды. Тәртіп сақшылары жол саласына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтап, бірнеше көлікті айыптұраққа жеткізді. Рейдтік жұмыстар аптаның демалыс күндері де жалғасын таппақ.