Шымкентте Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы қайтыс болды. Биыл ол Ұлы Жеңістің 80 жылдығын және өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен еді
Мұраталы Төлепбергенұлы майданға 1943 жылы 18 жасында аттанып, 339-шы қарсы танкілік артиллериялық бөлімде радист болып соғысқан. Ол Бресттен бастап, Украина мен Польша арқылы Германияға дейінгі қан майдан жолын өткерді. Жеңістен кейін де бес жыл бойы оккупациялық әскер қатарында қызмет етті. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Ардагер өзінің соңғы жылдарын өткізген Түлкібас ауданында әскери құрметпен жер қойнына тапсырылды.