Turkistan Book Fair–2025 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрмеге Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы, Ресей және Қазақстаннан келген 50-ге жуық баспа ұйымы қатысты. Шара барысында шетелдік баспалар заманауи проза, балалар әдебиеті, ұлттық әдебиет және түрлі жанрдағы басылымдарды ұсынды.


 Түркиядан келген ұйымдар қазіргі авторлардың шығармаларын таныстырса, Өзбекстан мен Әзербайжан баспалары жаңартылған форматтағы еңбектерін әкелген. Қырғызстан мен Моңғолиядан келген басылымдар да көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстандық баспалардың қатары да кең. Балалар әдебиеті, көркем әдебиет, энциклопедиялық және жасөспірімдерге арналған кітаптар ұсынылды. Олардың қатарында «Көшпенділер ойындары» кітабы мен балаларға арналған танымдық мазмұндағы кітаптар бар. Сондай-ақ көрмеде цифрлық оқу материалдары да таныстырылды. Arman-PV баспасының Ekitap.kz платформасы оқу контентін электрондық форматта ұсынатын құрал ретінде көрсетілді. Платформада оқу материалдары, тапсырмалар және түсіндірмелер біріктірілген. Оның үсіне баспа жасанды интеллект модульдерін қолдану арқылы, сапалы видео, аудиоконтент және оқушылар мен ұстаздарға көмекші құрал  Arman AI-ды таныстырды.


 МИРАС МҰҚАШ - АRМАN-PV БАСПАСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Қазақстандық баспалардың қатары да кең. Балалар әдебиеті, көркем әдебиет, энциклопедиялық және жасөспірімдерге арналған кітаптар ұсынылды. Arman-PV, Фолиант, Атамұра, Almatykitap, Steppe&World және өңірлік баспалар мазмұны жеңіл оқылатын, безендірілуі жаңартылған кітаптарын таныстырды.