Балалар денсаулығын сақтау саласындағы маңызды бағыттардың бірі – асқазан-ішек жүйесі патологияларын ерте кезеңде анықтау. Осы мақсатта №7 қалалық емханада тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Талқылау форматында өткен жиында қатысушылар дертті ерте анықтаудың заманауи әдістерін меңгерді.


«Балалардағы бауыр, асқазан және ұйқы безі патологияларын ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтау» тақырыбында өткен бұл ғылыми-тәжірибелік шараны Ресей Федерациясының жетекші мамандарының бірі Михаил Пыков жүргізді. Профессор халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелермен бөлісті.


МИХАИЛ ПЫКОВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Ультрадыбысты диагностика соңғы бес жыл ішінде қарқынды дамыды.Технологияның көмегімен балалардың дертін ерте кезеңде анықтап, алдын-алу шараларын жүргізуге болады.Диагностика арқылы науқастың отаға дейінгі және кейінгі жағда    йын бақылай аламыз.


Жиын барысында қатысушылар балалардың асқазан-ішек жүйесі ауруларын ультрадыбыстық зерттеу әдісі арқылы анықтаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, клиникалық бағалаудың тиімді әдістерімен жан-жақты танысты. Тәжірибелік бөлімде профессор нақты клиникалық мысалдар негізінде ультрадыбыстық зерттеуді жүргізудің озық әдістемелерін көрсетіп, мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған тың мәліметпен бөлісті.


ӘБДІМӘЛІК САПАРБЕКОВ, № 7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі кезге дейін бұл бағытта үш шара өткізілді.Халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.Беларусь, Ресей, Өзбекстан республикаларынан белгілі дәрігерлер келіп қатысып, мастер-класс өтті.


Ресейлік маман қазақстандық дәрігерлердің кәсіби дайындығы мен диагностика саласындағы жауапкершілігін жоғары бағалады. Оның айтуынша, жергілікті мамандар халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетуге әрі жаңа технологияларды тез меңгеретін әлеуетке ие.