Бүгін дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы аса қауіпті дерт. Алдын алып, ерте емделмесе қиын жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Осыған орай Түркістан көп салалы қол өнер колледжінің футбол алаңында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты футбол турнирі өтті.
Оған облыстық медицина мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Шараға өңір аумағындағы 12 медицина мекемесі атсалысқан. Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, медицина мамандарын өзара достыққа үндеу. Тартысты жарыс нәтижесінде жүлделі 1-орынды Облыстық жедел жәрдем станциясы еншіледі. Ал 2-орынды Түркістан қалалық емханасы иеленді. Үздік үштікті “Doctor Medical” медицна мекемесіне түйіндеді. Жүлделі орын алған жеңімпаз командалар орталық дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мекеме басшысының атынан алғыс хаттар мен мен бағалы сыйлықтар табысталды.