Айкөл тұрғын алабы ауызсуға қосылды. Талай жыл құдық  пен тасымал суды пайдаланып келген  тұрғындар өркениет жеттістігін енді сезінді.    Айкөлдегі айтулы шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып қатысып тұрғындарды құттықтады.   

 Назым Қалыбекованың  Айкөлде тұрып жатқанына  41 жыл.  Келін болып келгенде күнделікті  құдықтың суын ішуші ек дейді. Тұрғын алап  мегаполиске қосылғалы тасымал суды пайдаланған.  Енді елдімекенге ауыз су келіп  қуанышы қойнына сыймай тұр.

 НАЗЫМ ҚАЛЫБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Енді соны қолдандық кір шуғанға да тамаққа да Енді суымыз кеп жатыр. Рахмет басшыларымызға рахмет.

Айкөлге тіршілік нәрін апару үшін 15 шақырым су құбыры тартылған. Осылайша бүгінгі таңда мегаполистің  сумен қамту көрсеткіші 99.5 пайызды құрап отыр.   Жиделі Исфиджап Гидрогеолог Қазығұрт станциясы Қызылжар2  тұрғын алаптарындағы біраз  көше тұрғындары әліде тасымал суды пайдаланады.

РЗАБЕК МЕҢДІҚҰЛОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 Жоспарымыз 15 желтоқсан үлкен жобамыз қосылады. Құрсайды қосқаннан кейін қаладағы көрсеткіш 99,9 пайызды құрайтын болады. Әлі қөалған елдімекендер бар суға қосылмаған.

  Құрсай жобасы – қала үшін әлеуметтік маңызды жоғары. Құрсай екі кезеңнен тұратын ауқымды жоба. 2021 жылы басталған құрылыс бүгінде 98%-ға аяқталған. Жобаға жалпы 5,1 млрд теңге бөлінген. 2025 жылы толық іске қосылады.