Жылыту маусымы басталғалы елімізде газдан улану оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы алдын алу шараларын күшейтіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Үшінші мегаполисте жағдай алаңдатарлық. Соңғы бір айдың өзінде улы газдан 80 адам зардап шеккен. Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғаларға көбіне қауіпсіздік ережелерін сақтамау және тұрмыстық құралдарды дұрыс пайдаланбау себеп болады.


ДАМИР ИСКАКОВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ
 Улану барысы қалай жүріп жатыр десеңіз, газ колонкасының уақытылы тазаланбауынан.Жылыту маусымына дейін міндетті түрде тазартып тұру керек.Осының салдарынан газ колонкасынан ақау шығады.


 Олқылықтың алдын-алу мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындармен жиындар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп жүр.


ЖАНДОС ОРДАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ «ГАЗ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Көпқабатты үйлер мен жеке секторларға барып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жүрміз.Тұрғындарға үнемі алдын-алу  жұмыстарын жүргізу-басты мақсат болып отыр.


Мамандар қарапайым ережелерді сақтау арқылы газдан уланудың алдын алуға болатынын ескертеді. Департамент өкілдері түсіндіру жұмыстары жылыту маусымы бойы жалғасатынын айтты.