Пушкин кітапханасында қылқалам шебері Батухан Байменнің шығармашылық көрмесі өтті. Суретшілер одағының мүшесі монменталды графикалық туынды жасайды. Сөзінше, дәл бұл бағыт әлемде кенже дамып келеді. Мұндай ауқымды картиналарды Қазақстан түгел жаһанда салатындар некен-саяқ.


 БАТУХАН БАЙМЕН, СУРЕТШІ
– «Мұндай үлкен көлемдегі линографикаларды әлемде ешкім жасап жатқан жоқ, менен басқа.»


Суретшінің туындылары көлемді. Ұзындығы 2 метрден 8 метрге дейін созылады. Шебер резенкені ойып, қажетті бейнелерді бедерлейді. Дайын көріністі арнайы матаға көшіріп, картинаны қалыптайды. Бұл Батухан Байменнің авторлық тәсілі.  Ерекше еңбекке әлем көз тігіп, қызығушылық танытқан. Мәселен, ол Түркия, Әзірбайжан, Германия, Өзбекстан, Кипр мемлекеттерінде жеке көрмесін өткізіп, шетелдіктердің ыстық ықыласын иеленген.


БАТУХАН БАЙМЕН, СУРЕТШІ
– «Мұның көлемін көріп бәрі таңқалады да. Бұл не? Қалай істеледі бұл деп? Артымдағы сурет 2023 Қазан қаласында өткен байқауда үшінші орын иеленді.»


 Елден ерек шығармаларға әріптестер де таң. Олар суретшінің креативті идеяларын мойындайды.


НАСЫР РҮСТЕМОВ, СУРЕТШІ
– «Оның өзіне тән қолтаңбасы бар. Ешкімге ұқсамайды.» «Далының кеңдігін күйшілердің ішінде көрсете алған Құрманқазы болса, суретшілердің арасында осы Батухан десек қателескеніміз емес.» 


 Шығармашылық кешке зиялы қауым өкілдері мен суретшілер, студенттер мен қала тұрғындары келді. Көрмені аралап, рухани қуат алып қайтты.