Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ – ші кезеңі басталуына орай, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, ЖШС құрылтайшылары мен басшылары және олардың жұбайлары жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы алғашқы декларацияларын ұсынуы қажет.
«Кірістер» туралы декларацияда шетелдегі активтер, жылжитын және жылжымайтын мүліктер көрсетіледі. Міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға әрекетсіз деп танылса немесе қызметін жүргізбеген жағдайда да туындайтын болады. Бүгінгі таңда, қала аумағында 114 мыңнан астам жеке кәсіпкер, 29 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген. Олар 2021 – 2023 жылдары «активтер мен міндеттемелері» туралы декларацияны ұсынғаннан кейін, жыл сайын №270.00 үлгідегі «кірістер мен мүлік туралы» декларацияны тапсыруы тиіс. «Мүліктері мен кірістері» туралы декларацияда көрсетілетін ақпарат тізбелері қысқартылған. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Шоқан Омарбек мәлімдеді. Яғни, төлем көзінен салық салынатын кірістерді және елімізде тіркелген мүлікті сатып алу немесе сату, өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттігі алынып тасталған. Қазіргі уақытта, «кірістер мен мүлкі туралы» декларациясына және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде екен. Аталған нысан бекітілгеннен кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйесінде іске асырылатын болады. Бұған дейін қолданыстағы нысанмен ұсына берулеріңізге болады. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалпыға бірдей декларацияны мүлде тапсырмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 272 бабының 1,2 тармақтарымен әкімшілік шара қолданылады.