Тәрбиешілер форумы. Шымкентте мектепке дейінгі ұйымдардың жас мамандарына арналған «Ізденіс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында қалалық форум өтті. Жиын Жоғары педагогикалық колледждің базасындағы «21 ғасыр балабақшасында» ұйымдастырылды. Білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» өткізген шараға тәрбиеші-педагогтар қатысып, тәжірибе алмасты.
Форум аясында алдымен қаладағы үздік балабақшалардың инновациялық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар әлеуметтік-эмоцианалды дағдыларды қалыптастыруға арналған ойын түрлерімен танысты.
Форум барысында физикалық қасиеттерді, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік және шығармашылық дағдыларды дамытуға, зерттеу іс-әрекеттерін жетілдіруге басымдық берілді. Пленарлық және 5 секциядан тұратын отырыс жас мамандардың тәжірибе алмасып, білімін жетілдіруіне ықпал етпек. Сонықтан да бұл жиын құнды,- дейді 8 жылдан балабақшада қызмет етіп жүрген Бағила Күзербайқызы.
Балабақша педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруді мақсат еткен форумының берері мол. Себебі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жүйелеу, балаларды тәрбиелеу үдерістерін тиімді ұйымдастыру қашан да маңызды. Аталған міндеттерді орындауда Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің «21 ғасыр балабақшасы» көпке үлгі.
Наталья Шмелева, «ХХІ ғасыр» элиталық балабақшасының» әдіскері 1655: 00,25
- Форум аясында ұйымдастырылған көрмеде қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық құндылықтарына негізделген бірнеше жұмысты көріп, қуанып отырмыз. Президенттің өзі айтқандай, балаларды ұлттық дәстүрде тәрбиелеуіміз керек. Олар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұмытпай ұлықтайтын азамат болып өсуі шарт. Осы орайда біздің, «21 ғасыр балабақшасында» жаңа бағдарламамен 200-ге жуық баланы, ақылды, білімді болып өсуі үшін түрлі зертханаларымыз бен арнайы орталықтарымызда тәрбиелейміз.
Еліміздің үшінші мегополисінде демографиялық ахуал жоғары. Бүгінде Шымкентте 70 мыңға жуық бала 605 мектепке дейінгі ұйымға барады. Оларға 5 814 педагог маман тәрбие мен білім береді. Былтыр 988 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтсе, алдағы екі жылда бейінді білім бар тәрбиешілердің үлесін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы орайда «Ізденіс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбындағы форум қатысушылары да сертификатталды.