Шымкенттегі кешенді жеңіл атлетика  кешенінде  садақ  атудан  жасөспірімдер мен  юниорлар арасында Қазақстан  чемпионаты аяқталды. Оған  еліміздің  бірнеше аймағынан 280-ге жуық мерген  қатысты.

Биыл  ерекше  болып  ұйымдастырылған Ел чемпионатына 11  өңірден  ең  талантты  деген  жас  садақ  атушылар  қатысып, 300-ге  жуық  спортшы  бағын сынады. Спортшылар жарыстың  алғашқы  күнінде 18  метр, екінші  күнінде 20  метр  қашықтықта  шеберлігін көрсетті. Сайыстың  ашуылу  рәсімі  кезінде садақ  атудан ұлттық  құрама  командасының  бапкері, Шымкент  қаласының  кешенді  жоғары  спорт  шеберлігі  спорт  мектебінің  директоры  Мұрат  Бұзауов шебер саңлақтарға мүлт  кетпей  дәл  ондыққа  тигізуге  тілектестік  білдірді. Топ  жарғандар  құрама  сапына шақырту  алады. Жарысқа  арнайы Астанадан  келіп  қатысқан садақ  атудан  ұлттық  құраманың жаттықтырушысы, бас  төреші  Еділхан  Темірханов   республикамызда садақ  ату  спорты  әлемдік  деңгейде  дамып  жатқанын  жеткізді.

Жарыс  жолына  шыққан  командалар  арасында Жетісу  облысының  мергендері 18 медаль  жеңіп  алып,  бас  жүлдеге  ие  болды. Ал,  Батыс  Қазақстан  облысының  құрамасы  7  алтынмен  екінші  орыннан көрінді. Шымкент  қаласының талантты саңлақтары  қола медалді қанағат  етті. Енді  осы  спортшылар әлемдік  рангідегі  жарыстарда еліміздің намысын  қорғайды.  

Ілияс Жолдас