Ғаламторға тәуелділік уақыт талабы. Қазіргі таңда әлеуметтік желі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Алайда жауаптылар оның теріс әсері бар екенін айтады.  Сөздерінше виртуалды әлемнің адам психологиясы мен эмоциясына зияны басым. Желіге желімше жабысқандармен қалай күресуге болады? Әріптесім мамандардан сұрап білген еді.

 Ғаламтор өмірідің айырылмас бөлігіне айналғалы, ауырдың үстімен жеңілдің астымен күн кешу - дағдыға айналып барады. Қолдағы гаджеттің ерекшелгін пайдалану арқылы талай тірлік оңай шешім тауып жатады .Алайда  мұның  зиян жақтары да басым. Мәселен даму үстінде жүрген жасөспірімнің қоршаған ортамен байланысы әлсіреп, зияткерлік  даму деңгейі төмендейді және жалқаулыққа алып келеді.

 Қазіргі таңда мектеп балалары арасында онлайн ойын ойнайтындар көп. Жас ерекшеліктеріне сай келмейтін, адам өлтіру, ату, қорлау функциясы бар ойындар тізімі әлеуметтік желіде жетерлік. Салдарынан телефонға телміреген баланың психикасы бұзылып, жүйке жүйесіне қысым келеді. Соңы цифрлық аутизмге алып келеді дейді психолог мамандар.

 Жауаптылар желі тәуелділігінен арылу үшін күн сайын жоспар құрып отыру қажет екенін айтады. Егер адамның жоспары мен қызығатын хоббиі болмаса, бос уақытын әлеуметтік желіде өткізуге дағдалынады.  Ал ғаламтор уақыттың тез өтуіне ықпал ететін бірде бір құрал. Психологтар  әлеуметтік желідегі қызығушылықты шынайы өмірдегі қызығушылақтармен алмастыру қажет екенін айтады.