Шымкентте қазақы құмай тазылар көрмесі өтті.Оған миллионды қала мен Түркістан облысынан 60-қа жуық жеті қазынаны батпаушылар қатысты. Қазақстан кинологтар одағының сарапшылары тазылардың түр-тұлғасына баға беріп, құжаттандыру жұмыстарын жүргізді.Былтыр мемлекет басшысы қазақы ит тұқымдарын сақтау, дамыту және халықаралық деңгейде тану бойынша арнайы тапсырма берген болатын.

Көрмеде 9 жасар Санжардың «Желтабан»атты күшігі сарапшыларға бірден ұнады.Оның жүріс тұрысы мен түр-тұлғасы да келісті.Әсіресе тазалығы мен сұлулығы еріксіз көздің жауын алады.Ең жас қатысушыға тазы баптауды 50 жылдан бері ит ұстап,тазы жүгіртіп жүрген атасы үйретіпті.

Санжар  Дүйсенәлиев, ең жас тазы баптаушы

- Мен 7 жасымнан құмай тазыны баптауды үйреніп келе жатырмын.Оның бәрін маған атам үйретті. Мен құмай тазының алғырлығына тапқырлығына сенемін.Ол өте жүйрік.Қоян түлкі алады.Бесте болса бөріге де шамасы жетеді. Көрмеде желтабан күшігіммен жүгірдім. Бірнші орын алдым. Астанаға барып медал алып қайтайын.

Ал, Марат Қуандықов жары екеуі қазақы тазылар көрмесіне қатысу үшін Түлкібас ауданынан арнайы келіпті.Қолындағы «Арлан» мен «Аққұс» атты тазылары жақында бір жасқа толады.Қос құмайды күшік кезінде ауылды жерден іздеп жүріп сатып алған. Енді екуін жұптап таза қанды күшік алуды жоспарлап отыр.

Марат Қуандықов, тазы баптаушы

- Тазының қанында бүкіл аңға шығатын бөрі алатын иттің қаны бар болғандықтан дәл осыны біздің қазақ дамытқан.кешегі дүрбелең заманда да бір ауылды асыраған осы тазы болған.Сәйгүліктің артында осындай құмай  тазы еріп жүрсе,үстімізде қазақы киім болса қазақылығымыз дами береді, деп ойлаймын.

Көрмеге 60-қа жуық тазылар қатысты. Арасында бабы келіскен жүйрігі мен түр-тұрпаты көз тартар сұлулары да бер. Атам қазақ жалпы құмай тазыны жеті қазынаға балаған. Өйткені бұның бойындағы тазалық пен аңға деген құмарлық саяткерлерліктің шыңы дейді тазы баптаушылар.

Ержан Дайыров,тазы баптаушы

- Бұның аты ұшар деген тазы,.6 жасар.Бұл мезгіліне қарай светі өзгеріп тұрады бұл тазының.Күз мезгілінде басқа свет береді ақышлданып,кетеді. Енді құлпыратын уақыты ғой күздің уақыты аңға түсетін уақыт.құлпырып өзгеріп кетеді тазылар.

ҚАНАТ ЖҮНІСБЕК, ЖУРНАЛИСТ

- Таймас пен Зита таза ауада жүріп саяткерлік жасағанды жақсы көреді. Биылғы аңшылық маусымда екеуі бірнееше қоян мен бір миебөрі қанжығалаған.Қазір екі итті иесі құжаттандырғанан кейін халықаралық аренаде көпшілік назарына ұсынбақ.

Шарада  кинолог сарапшылар тазылардың дене бітімін, аяқ сүйектерін, тісін, тырнағын байқап, қан тазалығына да баса назар аударды.Негізі тазыларды «Қансонар» қауымдастығы тіркеуге алған. Бұл құжат иттердің әлемдік деңгейдегі сайыстарға да қатысуына мүмкіндік береді,дейді ұйымдастырушылар.

Татьяна Жихарева,Триумф Юг клубының төрайымы

- Біздің басты мақсатымыз тазыларды құжаттандыру.Қазақы құмай тазыларын стандарттарға сәкестендіріп, халықаралық қауымдастық тазы баптаушылардың өсіріп отырған таза қанды тазылары бар екенін көріп, соны әлемдік аренада паш ету.

Алена Мартынова,Ұлттық сарапшы

- Президенттімізге алғыс айтамыз. Осындай таза қанды тазыларды сақпат қалуға күш салып жатқан.Шын мәнінде бұндай кең ауқымда құжаттандыру жұмыстары алғаш рет жүргізіліп жатыр десем де болады.Мен батыста енді оңтүсікте болдым. Алда алматыға барамыз.Ауылды жерден қой ауылдан келсе де барлық тазылар өте керемет. Тұқымын таза сақтап қалуымыз керек. Бұл біздің ұлттық мақтанышымыз.

Көрмеге келген барлық тазыларға сарапшылар оң баға берді.Тіпті бірнешеуін іріктеп те қойыды. Олар мамырда Астанада өтетін көрмеге қатысады.