Шымкентте заман талабына сай салынған «Дихан-Бахыт» сауда кешені ашылады. Ат шаптырым жерді алып жатқан жаңа базарда азық-түлік заттарымен жеміс-жидек көтерме бағада сатылады. Сауда орталығының  аумағында сатушылар мен қала тұрғындарына арнап арнайы автотұрақ қарастырылған.  Жазғы және қысқы сауда қатарлары тағы бар. Базар 28 Сәуір күні ресми ашылады. Жабық кешенде сізге қажеттінің барлығын таба аласыз.  

Сауда кешені толықтай заман талабына сай жабдықталған. Қос қабатты ғимаратта көпшіліктің жүріп-тұруына ыңғайлы. Саудагерлерге арнап арнайы қоймалар мен жеке-жеке орындар әзірленген. Ғимараттың іші өте биік, ауасы таза әрі жаздағы аптапты ыстықта салқын болады. Сауда кешені «Тұран» мөлтек ауданындағы  жаңа иппадром жақта орналасқан. Келушілер мен сатушыларға Қонақ үй мен қатар асханалар мен дәмханалар салынған. Кешенге келіп орын алып, сауда жасаймын деген азаматтарға түрлі жеңілдіктер бар.

 Соңғы үлгідегі сауда кешенінің артықшылығы алқаптан терілген балғын көкөністер мен жеміс-жидектар сатылатын болады. Дихан  өз өнімін егістік алқабынан теріп әкеліп осында сатады. Яғни кез-келген тауар делдалсыз сатылады. Дихан бақытын сезінгіңіз келсе «Дихан-Бақыт» сауда кешеніне келіңіз. Жаңадан бой көтерген кешеннің аумағы 7 гектар жер,  қоймалар 4 мың шаршы метрді құраса, 2 мың шаршы метір сауда орындарына үлестірілген . Көпшілік Карл-Маркс атап кеткен базардағыдай түнгі сауда да болады. Уақыт жоғалтып алмаңыз. Сауда орындары мен қоймаларға жеңілдіктер қарастырылған.

«Дихан-Бахыт» сауда кешені көтерме саудагерлер үшін тиімді болмақ. Біріншіден «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто бамына жақын. Күре жолға шығып кету ыңғайлы. Екіншіден қалаға Алматыдан кіре беріс  қақпада орналасқан. Түркістан Қызылорда қалаларына шығып кетуге жақсы. Тауарды жеткізу мен тасымалдау ыңғайлы. Қаланың ішіндегі кептеліске ұрынбайсыз. Кешеннің ашылу салтанаты 28 сәуір күні өтеді. Базар басшылығы сол күні  ас беріп, тасқыннан зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмек жөнелтеді.