Көптен күткен қуаныш! Шымкенттегі конгресс холлдың құрылысы аяқталып, қала күні қарсаңында пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, Шымкенттің бүгіні мен ертеңіне, жеткен жетістігіне тоқталды.

Тulip – ағылшын тілінен аударғанда «қызғалдақ» дегенді білдіреді. Ғимараттың сыртқы пішіні де осы гүлге ұқсастырып соғылған. Лалагүлдер тұқымдасына жататын бұл өсімдік қаланың басты символы саналады.

Шымсити шағын ауданында орналасқан ғимарат заманауи талапқа сай жабдықталған. Мұнда халықаралық конгресс, форумдар, мәжіліс, симпозиумдарды өткізуге болады. Ал көрермен залында 2 066 орын бар. 80 адамға арналған салтанат залы, шеберхана мен қолөнер орталығы да жұмыс істейді. Қала күніне орай ашылған ғимаратта алғашқы мерекелік кеш ұйымдастырылып, бірқатар тұлғаға «Құрметті азаматы» атағы берілді

Мерекелік шара барысында қаланың экономикалық өсімі мен әлеуметтің әлеуеті айтылды. Шымкент инвестиция тартуда көш бастап тұр. Жыл басынан бергі көрсеткіш 17,4 пайызға артқан.