Түркістан облысында мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді. Соңғы уақытта мопедтер жол қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ете бастады. Шағын көлік жол жүрісіне ыңғайлы. Бірақ кейбір қос дөңгелекті көлік иелері ережелерді сақтамайды, соңы түрлі апаттарға әкеледі.

Биыл Түркістан обылсында мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол жүру ережесін бұзған шағын көлік иелеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген. Өз кезегінде полиция мопед иелері мен облыс тұрғындарына жолдағы әрбір қадамды аңдап басуға, жауапкершілікке шақырады.