«Орда» таулы полигонында Әзербайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан әскерилері бас біріктіріп, бірлесе оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Оған Иордания мен Қырғызстан өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды. Арнайы мақсаттағы бөлімше сарбаздары  шара бағдарламасына сәйкес тактикалық-атыс, парашют және тау дайындығы бойынша сабақтар алды. Сондай-ақ арнайы операция жүргізіп, заңсыз қарулы құрылымға тосқауыл қою, оларды жою міндетін пысықтады. Шарада бауырлас елдер әсери дайындығын шыңдап, біліктілігін ұштады.

АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ
 – «Шексіз бауырластық арнайы шарасына келгендерге қм атынан сіздерге қазақ жеріне келгендеріңізге ыстық ықыласымызды білдіреміз.» «Батырлыққа негізделген байланыс бізді біріктіреді.»