Биыл 500 аялдамаға атау беріліп, 200-ге жуығына нұсқаулық қойылды. Енді тұрғындар мен қала қонақтары барар бағытын оңай таба алады. Сонымен қатар Гүлжан аялдамасына пилотты режимде автобустың келу уақытын көрсететін электронды табло орнатылды.


Мұндай жаңашылдық қала тұрғындарын қуантпай қоймады. Аялдамада тұрып асыққандар енді өз маршрутының қанша минутта келетінін нақты біліп отырады. Автобустардың қозғалыс кестесін көрсететін табло кез келген ауа райында жұмыс істейді және ондағы мәліметтер нақты көрсетеді.


НҰРАЙЫМ БЕЗАТОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

-Көп күтіп отырмайсың. Осыған қарап шығасың. Сырттан келген адам болса өте ыңғайлы да ол. Біз сияқты өзіміз білеміз ғой астановканы. Сыртан келгендерге қиын. Адасып кетуі мүмкін.


НҰРГҮЛ КӨШКЕНБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

-Көбісі ауыл жақтан келеді. Сол кезде автобустардан сұрап тұру ыңғайсыз да мына жер... Жақсы болды. Өте ыңғайлы жасалып қойған.


Тарнспорт басқармасы ақпараттық ЛЭД экранды әзірге бір ғана аялдамада орнатқан. Пилотты режимде қойылған электронды кестенің тиімділігі артса өзге де күту бекеттеріне орнатылмақ. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асып отыр.


САПАР ӘДІЛ – ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

-Қаламызға пилоттық режимде бір автобус маршруттарының келу уақытн көрсететін табло орнатылды. Таблоның қызметі нақты автобустың қай уақытта келетіні туралы анықтама береді тұрғындарға.


Қалада 1900 аялдама бар. Биыл орталық көшелердегі 500 күту павильонына атау берілді. Тұрғындардың жүріп-тұруын ыңғайластыру үшін 200 аялдамаға бағыт-бағдар көрсететін арнайы нұсқаулық қойлылды.