2024 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі түсіп, 0,6% болы. Ақылы қызметтердің бағасы 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 0,8% өсті. Азық-түлік тауарларының баға индексі 100%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет шығарды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су бұру тарифі 1,6%, суық суға 0,9% өсті. Қалалық автобуспен жол жүру – 9,3%, такси 1,8% қымбаттады. Бағаның өсуі тұрғын үйді жалға беруде байқалды – 1,4%.


Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Абай облысында – 0,6%, азық-түлік емес тауарларда – Түркістан облысында 1,7%, ақылы қызметтер бойынша – Алматы қаласында 2,2%. 2024 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті. Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.