АЭС салуда тәуекел керек. Шымкенттік белсенділер осылай деп отыр. Бастамаға қадам басуда қорқақтыққа бой алдырмағанымыз абзал. Елдің ертеңі үшін қолға алынып отырған жобаны тек қолдау қажет. Өйткені АЭС әлемдік мәселені шешудің дара жолы. Аманаттықтардың пікірін Перизат Биназарқызы жеткізсін.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазір арнайы кездесулер жүріп жатыр. жастардың пікірі маңызды. Халық үнінен құлақ астамын мемлекет тұжырымдамасы негізінде жобалар жүзеге асып жатыр.



 Шымкент халық саны жағынан ғана емес, белсенді жастардың көптігімен де елімізде көш бастап тұр. Олар білімді ғана емес, айтар ойы бар, қоғамдық сананы қозғай білетін тұлғалар. Міне сол топ бүгінде жаңа жобаларға қолдау білдіріп отыр.


СЕРІК ӘУЕСХАНОВ, «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Әр бастама мақсатты болуы керек. Сол мақсатқа жету үшін көптеген пікір қабылданып жатыр.


Аға буын алға қадам басуда тәуекелшіл болуымыз керек дейді. Игілікті іске жастар да альтернативті пікірде болмағы лазым.


БАЯН ЖАНДОСОВА, ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қандай бажстамада да қолдау ккеерк. Тәуекел керек. Біз қорықпауымсыз керек. Біз алға қадам басуымыз кеерек. Үлкен жастағылар қорқақпыз, мына жастар ондайдан аулақ болсын. Ол еліміздің ертеңі үшін керек жобалар.


Қазір елімізде АЭС салу жөніндегі Республикалық қоғамдық халықтық штаб құрылған. Ақпараттық топ шымкенттіктермен кездесіп, пікір алмасып жүр. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұрғындары 6-қазанда жалпыхалықтық референдумда өз ойларын жеткізетін болады.