Президент Жолдауда алдымен балалардың құқықтарын қорғау жөнінде сөз қозғады. Әлеуметтік осал топ мүшелерін қолдау ерекше назарға алынған.


Осының негізінде Шымкентте жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Мүгедектігі бар балаларды бағып-қағып отырған аналар арнайы грантқа қол жеткізіп отыр. Бұл туралы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды. Мамандар ел Президентінің өз Жолдауында халықтың әлеуметтік ахуалын назардан шығармайтытын ерекше айтты. Жастарды құмар ойындардан арашалап, несие саясатына түбегейлі өзгеріс енгізу күн тәртібінен түскен емес. Қазір елімізде тұрғындарды әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Мәселен көпбалалы отбасы балалары үшін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Сол сияқты мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын жандар үшін де арнайы көмек қарастырылған.


ЖАННЕТТА ЖАЗЫҚБАЕВА, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
-    Аутизм дертіне шалдыққан балалар бар. Соны бағып отырған аналар баласын 4 сағат емге апарады. Ары қарай оның жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ. бірақ біз осындай аналарды қолдағымыз келеді. Оларға барынша жағдай жасап отырмыз. Қазір арнайы грантқа қол жеткізгендер бар.