«Атом десе ат тонын ала қашатындар бар. Олар қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалап отырған жоқ» дейді жас буын. Айтуларынша: еліміз өндіретін электр энергиясының 30 пайызын ресейден тасымалдайды. Қалған бөлігін ескі тәсілдер көмегімен өндіреді. Тәуелділіктен арылып, шығын көлемін азайту үшін – атом бекеті таптырмас құрал. Ешкімге жалтақтамай, қажеттілікті дербес өтеу үшін, бізге сапалы станция қажет. Осылай деген ассамблея жастары аға буын өкілдерімен дөңгелек үстел өткізіп, тақырыпты жан-жақты сараптады.


 НҰРБОЛАТ МЕЙІРБЕКОВ, АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 – «Электр энергиясын өндіру үшін қанша көмір жағылып жатыр, қанша газ жағылып жатыр оның шығыны бюджетке әжәптәуір шығын салып жатыр.  «Атом электр станциясы соғылып, іске қосылатын болса бұл жаңа жұмыс орындары, медицина саласына оң ықпал етеді. Электр тапшылығы азаяды.»