Саналы ғұмырын халықтың ертеңі мен бүгініне арнаған қоғам қайраткері, қазақ елін құру жолында аянбай еңбек еткен Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл. Осыған орай түркістандықтар Алаш арысының рухына тағзым етті. Ясауи Университетінде арнайы ғылым-тәжірибелік конференция өтті. Жиында дара тұлғаның еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар айтылды.


Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов – 1894 жылы 10 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында кедей қазақ отбасында дүниеге келген. Тарихи мағынаға толы маңызды конференцияда алаш арысының ағайын-туыстары мен жақындары С.Қожанов жайында ой тербеп, әңгімелерімен бөлісті.


ХАЗІРЕТӘЛІ ТҰРСЫН, ПРОФЕССОР
0Біз осы жерде оның қандай жұмыс атқарғанын, еліне, жеріне қандай қызмет қылғанын айтамыз. Сондай-ақ. Мынау кейінгі ұрпаққа өнеге етеміз.  арнайы туған туысын шақыртып отырмыз. Олардың пікірін білгіміз келіп отыр.



Қайраткердің алғыр қабілеті, терең білімі, қайсар мінезі туралы елде көп аңыз-әңгімелер тараған. Қожановтың ең бір есте қалар қасиеті – білімге құштарлығы. «Ол қысқа ғана ғұмырын ізденумен өткізді»,- дейді іні-бауырлары.


АЛТАЙ МОНҚАҚОВ, С.ҚОЖАНОВТЫҢ НЕМЕРЕ ІНІСІ
Жұбайы Күләнда апаның қолында оқыдым. Көп жыл сол кісілермен бірге тұрдым. Оқу-білімге деген құштарлығы ерекше еді.


Сұлтанбек Қожанов - «Есеп тану құралы» кітабын жазған алғашқы автор. Бұл еңбек қазақ балаларына арналған тұңғыш математикалық оқулық болды. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі. Жиында қоғам қайраткерінің оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтергені туралы тың деректер айтылып, өзге де жасаған ізгі істері үлгі болды.