«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық іс-шарасында қалада 2 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады.


 Тазалық іс-шарасына 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлымен бірге сенбілікке қала тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, этномәдени бірлестік мүшелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары және түрлі сала мамандары қатысты.


Сенбілік жұмыстары қала кіреберісінде орнатылып жатқан Тайқазан мүсіні аумағынан бастау алып, шаһардың барлық бөлігін қамтыды. Кәсіпкерлік нысан иелері де өздеріне тиесілі аумақтарды тазалап, қоқыстарды шығару арқылы ортақ іске үлес қосты.


Іс-шараның тиімділігін арттыру мақсатында қала аумағы 6 секторға бөлініп, әр сектор бойынша жүйелі тазалық жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар, абаттандыру және көгалдандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.