Мегаполите бүйрек, бауыр трасплонтациясы  қарқынды дамуда. Қалалық №1 клиникалық ауруханада 250-ші бүйрек ауыстыру отасы  сәтті жүзеге асты.  Медециналық мекемеде екінші өмірге мүмкіндік алғандар бас біріктірді. Дәрігерлермен жүздесіп медицинаның жаңа мүмкіндіктерін әңгімеге арқау етті.  


Дәрігерлер бұл жиынды дарынды трансплонтолог  Мади Қожаұлын еске алуға арнап отыр.  Клиникалық ауруханадағы трасплонтология бөлімі сол дәрігердің басшылығы кезінде соғылған. Содан бері орталықта 300 ге жуық ағза сәтті  алмастырылған.  


БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, №1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
2013 жылы басталған операциялар 2026 жылы 250 ші яғни 250 жанұяға үміт сыйланып отыр. Бүгінгі таңда мыңнан астам науқас бүйрек ауыстыруды талап етеді.


 Мірбақыт Рахматуллаев 2024 диалезге түскен.  Азаматы қиналғанын көріп зайыбы  Дильфуза бір бүйрегін беріпті. Қазір екеуініңде жағдайы жақсы.


 МІРБАҚЫТ РАХМАТУЛЛАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Ақпан айының 26 операция жасады. Барлық дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Келіншегіме алғыс екінші рет өмір сыйлады.


Ал Төлеби ауданының тұрғыны  Қуанышбек Оңалбеков  келіншегі Қарлығашқа бір бүйрегін беруге шешім қабылдаған.  Ота келесі аптаға жоспарланған.


ҚУАНЫШБЕК ОҢАЛБЕКОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Диалез аппараттан құтылу үшін бір бүйрегімді жұбайыма берейін деп жатырмын. 251 ші донор есебінде тұрып келесі аптада кезекте тұрмыз.


Шымкентте туыстық донор  трансплонтациясы қарқынды дамыған. Десекте дамыған елдерде мәйіттік донор арқылы ағза алмастыру жақсы жолға қойылған.  Мегаполисте мәйіттің ағзасы ауыстырылған жалғыз науқас та жиынға арнайы келді. Бақыт Матырбековтың 2022 жылы бауыры ауыстырылған.


БАҚЫТ МАТЫРБЕКОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Палатаға ауыстым одан үйде күтіндім. Ақ халаттылардың арқасында аман есен жүрмін.


 РАҚЫМЖАН ҮМБЕТЖАНОВ, ДӘРІГЕР-ТРАСПЛАНТОЛОГ
Он жыл бұрын 7 сағат жасайтынбыз қазір 2 сағатта жасаймыз.


Шымкентте мыңға жуық науқас ағза алмастыру кезегінде тұр. Өткен жылдың өзінде 87 науқас донор таппай көз жұмған.  Мегаполисте мәйттік донор мәдениеті қалыптасса талай жан қайта өмір сүру мүмкіндігіне ие болар еді.